Қостанайда оқушылар жаппай астан ұшынды
Қостанайда оқушылар жаппай астан ұшынды. Қазақ-түрік лицейінде болған оқыс оқиғадан 37 бала зардап шегіп, соның 18-і ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта санэпидемиологтар мектеп асханасында тексеру жүргізуде. Ал, полиция «санитарлық талап сақталмады» деген баппен қылмыстық іс қозғады. Балалардың ұшынуы бойынша бірнеше болжам айтылып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
26.12.2014
14 жастағы Ардақ Сұлтан кеше мектепте ішкен түскі астан кейін өзін жайсыз сезіне бастапты. Алғашқыда еш мән бермеген оның, кейін қызуы көтеріліп, жүрегі айныған. Артынан жағдайы тіптен нашарлаған ол ауыр жағдайда ауруғанаға жеткізілді.
Ардақ Сұлтан, оқушы:
-Мен мектеп асханасында пирожки сатып алып жегем сол үшін ауырдым деп ойлаймын. Ол капустамен болған. Құсқанда сол капустаны құстым.
Ардақтан өзге іштері ауырып, қызуы көтерілген 37 оқушы бар. Олардың 18 осы аурухана кереуетіне таңылды. Ал, жағдайы тәуір дегендері емді үйлерінде жатып жалғастырады.
Әсия Байменова, Қостанай қалалық балалар ауруханасының дәрігері:
-Астан ұшынған оқушылардың біреуі өте ауыр жағдайда әкелінді. Оған инфузиондық терапия жасауымызға тура келді. Интоксикация белгілері байқалып, қызуы тым жоғары болды. Қазір балалардың жағдайы қалыпты.
Оқушылары жаппай ұшынған Қазақ-түрік лицейінде қазір тексеру жүріп жатыр. Санэпидемиологтар әзірше балалардың нақты неден зардап шеккенін анықтаған жоқ. Десе де «санитарлық талап сақталмады» деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Ал, аспаздар болса балғындардың мектеп асханасынан ұшынуы мүмкін емес деп отыр.
-Біз сапалы тағам аламыз. Қанша жыл жұмыс істеп мұндай жағдайға бірінше рет тап болып отырмыз. Аң-таң болып тұрмыз.
Десе де, оқушылардың ұшыну дерегі бойынша бірнеше болжам айтылып отыр. Яғни, балалар ұшынарынан бір күн бұрын «жаңа жылдық» кеште болыпты. Сол кезде де оқушылар түрлі тағам жеген. Десе де оны құзырлы орын қызметкерлері анықтамақ. Ал, бұл Қостанайда биыл тіркеліп отырған 4-ші ұшыну дерегі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!