Украина бірнеше адам опат болған автобустың атқылануын сепаратистерден көруде
Донецкде жолаушыларға лық толы автобус бораған оқтың астында қалып, 12 адам опат болды. Бұл желтоқсанда жарияланған бейбіт келісімнен кейінгі ең ірі қарулы шабуыл. Бейбіт тұрғындарға оқ сепаратистер жағынан атылды дейді Украина қарулы күштері.
Автор: Олжас Байжан
14.01.2015
Марқұмдардың арасында емізулі бала да бар. Сондай-ақ тағы 11 жолаушы өлім мен өмір арасында жатыр. Олар Волновахтағы орталық ауруханаға жеткізілген. Донецк прокуратурасы бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп саралап, қылмыстық іс қозғады. Украина билігінің хабарлауынша, сепаратистер автобусты «Град» артиллериялық қондырғысымен көздеген. Жалпы саны қоғамдық көлікке 40 оқ дәл тиіпті. Соңғы күндері бұл аймақта қарулы қақтығыстар жиіледі. Екі жақтан бір тәулік ішінде 72 рет оқ атылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!