Көкшетаулық әйелдің жатырын кесіп тастаған онкологтар ірі көлемде өтемақы төлейді
Астанадағы онкологиялық диспансер 34 жастағы әйелге 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Ондағылар Ғалия Мұқанованың жатыры мен аналық бездерінде қатерлі ісік бар деп, кесіп тастаған болатын. Ал шын мәнінде ол аты жаман аурудан құлан таза болған екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.01.2015
Бұл сергелдең осыдан 1 жыл бұрын басталған. Ғалия Мұқановаға Көкшетаудағы онкология диспансерінің мамандары 1 жарым ай ғана ғұмырың қалды деп 20 рет сәулелі терапия жасаған. Осы кезде құрылғы істен шығып, науқасты олар Астанадағы диспансерге жіберген. Ондағылар тіпті ісіктің нақты бар жоғына көз жеткізбестен, ота жасапты. Сөйтіп, келіншектің жатырын, аналық бездерін, екі түтікшесіне дейін алып тастаған. Осыдан кейін ғана анализ жасағанда астаналық гистологтар орны толмас қателік жібергендерін түсінеді. Содан бері Ғалия Мұқанова әділдік іздеп талай сотқа шағымданған. Ақмола облыстық апелляциялық соты Астанадағы онкология диспансері кінәлі деп тауып, 5 млн теңге моральдық шығын өтесін деп шешті.
Ғалия Мұқанова, зардап шегуші:
-Жалғыз Астана кінәлі деп ойламаймын. Бұл жерде Ақмола облыстық онкологиясының да кінәсі бар. Сол үшін кассациялық жалоба жасаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!