Астана тұрғынының қымбат көлігі көше ортасында тәркіленді
Мемлекетке жарты миллион теңге салығын төлемеген астаналық тұрғынның көлігі көше ортасында тәркіленді. Шетелдік қымбат джипті тақымдаған ол салық мекемесінің ескертуіне екі жыл бойы құлақ аспай келген.
Автор: Ербол Тұрымбет
15.01.2015
Бұл «Ниссан Патроль»-дің құны шамамен 18 миллион теңге. Осыншама ақшаға қымбат джип сатып алған жігіт ағасы 491 мың теңге салықты төлей алмай жүр. Жаны қысылған жүргізуші 3 жылда елде болмап едім деп ақталып бақты. Бірақ бұл сот орындаушыларын иландыра алған жоқ. Даңғарадай көлікті айып тұрағына айдап әкетті. Енді санын соғып қалған азамат салығын төлеген жағдайда ғана, қымбат көлігін қайтара алады. Дәл осындай салықтан жалтарған жүргізушілердің саны Астанада 4 мыңға жеткен. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 355 миллион теңгені құрап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!