{metadescription}
Қостанайда  еңбекақысын ала алмай жүрген  жүздеген жұмысшы  шу шығарды
Қостанайда  еңбекақысын ала алмай жүрген  жүздеген жұмысшы  шу шығарды

Қостанайда еңбекақысын ала алмай жүрген жүздеген жұмысшы шу шығарды

Маңдай тер ақысына жалынып жете алмаған жұмысшылар! Қостанай облысындағы картон комбинаты қызметкерлеріне 10 млн теңге берешек. Мұндағы ұсталар мен операторлардың жалақы алмағанына жылға таяпты.

Іс сотта қаралып, шығарылған шешім бойынша мекеме еңбекақыны төлеуге міндеттелген. Бірақ жұрт ақшаны әлі күнге дейін көрмей келеді. Комбинатта бас-аяғы 70 адам еңбек еткен. Бірақ құрылтайшылармен кездесуге тек 20-сы келді. Себебі өзгелерінің жолға төлер ақшасы да жоқ. Жұмысшылардың әрқайсысына комбинат кемінде 250 мың, ең көбі 2 жарым миллион теңге берешек. Бұл соңғы бір жыл ішіндегі мекеменің қарызы. Себебі былтырғы қаңтардан бері жұмысшылардың бірі де айлығын толық алмапты. Жұртты сабасына түсіргісі келген басшылық бүгін де уәдені үйіп-төкті. Айтуынша, өндіріс тоқтамаса ақша да болады екен жақында.

Виталий Зинатуллин, зауыт құрылтайшысы:

- Менің жеке басым сіздердің ешқайсыңызға қарыз емеспін. Кәсіпорын қарыз шығар, бірақ мен емес. Ал ақша алғыларыңыз келсе жұмысты жалғастыру қажет. Өндіріс тоқтап қалса пайда түспейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде