Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігінің жазасы ұзартылды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігіне қатысты жаза қатайтылды.Су ресурстары комитетінің орынбасары Арман Құмашевқа апелляциялық сот алқасы тағы 3 жыл қосып берді. Енді бюджеттің 5 миллиард теңгесін талан-таражға салған атқамінер жақын арада қамаудан шықпайды.
Автор: Гүлнұр Имандосова
15.01.2015
Қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырған Құмашев былтыр жазда 4 жылға сотталған болатын. Жеңіл жаза кесілді деп көңілі толмаған прокурорлар оның мерзімін ақыры ұзартты. Жазасының 7 ай мерзімін өтеген экс-шенеунік енді түрмеде 4 емес, 7 жыл отыратын болды. Себебі, Су ресурстары комитетінің бұрынғы орынбасарына «өзгенің мүлкіне қол сұқты, ақша жымқырды » деген қосымша айып тағылып дәлелденген. Яғни, Арман Құмашев Қарағанды облысындағы Сәтпаев каналы үшін сатып алынған құрал-жабдықтың бағасын көтермелеп, қыруар қаражатты қалтасына басқан. 39 жастағы шенеунік бұл қаржыға 3 бірдей элиталық баспана алып, көлік сақтайтын тұрақ пен бильярд орталықтарын ашып тастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!