Алматыда қыс ортасында күн күркіреп найзағай ойнады
Бүгін Алматы ауа-райы тосын мінез танытты! Қыс ортасында мұнда күн күркіреп, найзағай ойнады.
Автор: Құралай Пионер
15.01.2015
Алдымен жапалақтап қар жауып кейін күн күркіреген. Тіпті дауысы да ерекше қатты естіліпті. Одан кейін бірден найзағай ойнаған. Синоптиктер қыста болмауы тиіс бұл тосын құбылысты ыстық пен суықтың тоғысуымен түсіндіріп отыр. Әдетте күн көктемгі жаңбырдың алдында күркірейтін. Алматының қысы да көптен бері көктем сияқты. Түннің өзінде оңтүстік астанада температура нөлден анда-санда түседі. Соңғы рет қыста найзағайдың жарқылдауы Алматыда осыдан 9 жыл бұрын тіркеліпті.
Светлана Аманқұлова, «Қазгидромед» РМК Алматы филиалының бөлім жетекшісі:
-Қыста найзағайдың ойнауы өте сирек құбылыс. Алматыдан соңғы рет мұндай жағдай 2006 жылдың 12-ші қаңтарында тіркелген. Басты себеп – суық мезгілде күннің күрт жылынуы. Кеше, мәселен, Алматыда күн +10 градусқа дейін жылынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!