Ұлттық қауіпсіздік комитеті содырлар жариялаған видеоға қатысты түсініктеме берді
Интернетті дүр сілкіндірген сұмдық видеоға қатысты жаңа ақпарат шықты. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ислам мемлекетінің содырлары жариялаған таспаны тексеріп ондағы адам Қазақстан азаматы емес деп мәлімдеді.
Автор: Ербол Сейілхан
15.01.2015
Естеріңізге салсақ,кеше ғаламторды Ислам мемлекетінің содырлары түсірген таспа жұрттың жағасын ұстатты. Онда тыңшы ретінде Сирияға келген Ресейдің 2 Федералдық қауіпсіздік қызметкерінің қалай жазаланғаны көрсетілген. Видеода ұсталғандардың бірі өзінің Қазақстаннан, дәлірек айтқанда, Жамбыл облысы Меркі ауданынан ал екіншісі Ресей азаматы екенін айтады. Соңында оларды шамамен 10-12 жастағы бала тапаншамен атып өлтіреді. Жеткіншектің де қазақ екенін ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Бұл іске қатысты Ресей органдары тұщымды ештеңе айтқан жоқ. Ал біздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматы деген ақпарды жоққа шығарып отыр. Бірақ кейбір интернет қолданушылары жазбаға күмән келтіріп мұның қойылым екенін жазуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!