{metadescription}
Қазақ кереңдер қоғамының өнерпаздары халықаралық ән байқауынан жеңіспен оралды
Қазақ кереңдер қоғамының өнерпаздары халықаралық ән байқауынан жеңіспен оралды

Қазақ кереңдер қоғамының өнерпаздары халықаралық ән байқауынан жеңіспен оралды

«Өнерде шекара жоқ!». Алматыдағы Қазақ кереңдер қоғамы жанындағы Мәдениет үйінің өнерпаздары Испанияда өткен ән байқауынан олжамен оралды. Тумысынан кемтар жандар еш тайсалмастан, дені сау адамдармен қатар халықаралық сайысқа түскен. Үкілеген үміттері ақталып, «Ән құшағындағы Коста Брава» конкурсында жеңімпаз атанды.

Бұл Қазақ кереңдер қоғамы мүшелерінің әуенге еріп ән айтуға машықтанған сәтінен көрініс. Мәдениет үйінде өмірге құштар жандар ән айту мен сайқымазақ өнері бойынша үйірмелерге қатысады. Жеткен жетістіктері – 12 мүшесі сау адамдарға үлгі. Испанияның Лорет де Мар қаласында өткен ән байқауының жеңімпаздары өнердің бір ғана түрімен шектелмепті.

Әмина Османова, Қазақ кереңдер қоғамының мүшесі:

–  Алғаш рет 2012 жылы Чехияда арулардың байқауына қатыстым. Онда жүлде алған жоқпын. Бірақ келесі жылы Болгариядағы жарыста екінші орын алдым. Онда өте әдемі қыздар болды. Сөзбен айтып жекізу мүмкін емес.

Алина Алексеева, Қазақ кереңдер қоғамының мүшесі:

– Менің кәсібім – шаштараз. Колледжде 1 курста қолыма қайшы алғанда айтты қорықтым. Келе-келе шаш үлгісін жасауды үйрендім. Қазір 4 курста оқимын. Шаш қиюдың шеберіне айналдым.

Олар есту мүмкіндігінен айырылғанымен, музыка атты құдіретті жан дүниесімен сезеді. Әрі өздері де кемтармыз деп қорланбай, жарық дүниенің қызығына барынша бөленгісі келеді. Тіпті ишарамен әзілдескен сайқымазақтар көременіне шынайы күлкі сыйлайды. Ал, өзінің өнерімен көзге түсіп жүрген 45 жастағы Әлім «қоғамда әлі де болса кемтар жандарға қолдау жоқ» деп налиды.

Әлім Меңдібаев, Қазақ кереңдер қоғамы Мәдениет үйінің артисі:

– Мен кереңдерге тегін сабақ өтемін.Әрине, сол жағына көңілім толмайды. Бірақ нашар еститін балалардың не кінәсі бар? Егер мен 50 мың теңге сыйақы алсам, жанымдағылармен бөлісем. Оларға да киім-кешек, тамақ керек. Сонымен қатар, осы мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесем.

Құлағы нашар еститін азаматтар мына ескі ғимаратты місе тұтып отыр. Мәдениет үйі деген аты болмаса, бөлмелері тар, сұрқай үйге бас сұғатындар да аз екен. Музыкалық құралдар түгілі, мұнда жөндеу де жүргізілмеген. Қаражат тапшы. Бірақ жұдырықтай жұмылған өнерпаздардың әлі де шығар биігі алда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде