{metadescription}
Мәжіліс депутаты Оралдағы университетке  жалған оқытушы ретінде тіркелген
Мәжіліс депутаты Оралдағы университетке  жалған оқытушы ретінде тіркелген

Мәжіліс депутаты Оралдағы университетке жалған оқытушы ретінде тіркелген

Батыс Қазақстан облысындағы жоғарғы оқу орынының басшылары жаппай темір торға тоғытылуы мүмкін! Білім ошағына кезекті тексерумен барған прокурорлар талай былықтың бетін ашып, жағаларын ұстады. Сөйтсе, университет бас жерге өтпей, өңшең сынақтан құлағандарды қабылдаған. Профессорлар құрамы да өтірік екен. Сайттарында көрсетілген докторларға қатысты ақпараттың түгелге жуығы ғаламтордан көшіріп алыныпты. Жалған ұстаздар арасында тіпті Мәжіліс депутаты да жүр.

Ұлттық бірыңғай тесттен құлаған талапкерге Батыс Қазақстан облыстық инжинерлік гуманитарлық университетінің есігі әрқашан ашық. Шағын ғана қалада соңғы екі жыл ішінде аттестатында екілігі бар 3 мың оқушы дизайнер болуға бел буыпты. Ол үшін шығармашылық емтиханнан өту қажет. Бірақ студенттердің қатысуы міндетті болмаған. Осындай былық прокурорлық тексеру барысында әшкереленіп отыр.

Танзиля Сафиева, БҚОпрокурорының аға көмекшісі:

-Шығармашылық мамандық деген желеумен межелік балл алмаған студенттер оқуға қабылданған. Емтихан хаттамалары толтырылған, бірақ талапкердің өзі келмепті. Өзге студенттердің суреттері қабылданып отырған.

2012 жылы өткен оптимизациялау барысында Оралдағы бес бірдей оқу орны бірігіп, инженерлік гуманитарлық университет болып құрылған. Қабылдау комиссиясының заңсыздықтарынан өзге заң бұзушылықтар да анықталды. Мәселен дәріс оқуы тиіс 52 профессордың 48 мүлдем бұл университеттің табалдырығын аттамапты да. Олардың жеке мәліметтері интернеттен алынып, тіркелген. Сол оқытушылардың арасында Мәжіліс депутаты Виктор Киянский де бар.

Виктор Киянский, Мәжіліс депутаты:

-Ешқандай келісімшарт жасаған емеспін. Студенттерге лекция оқығаным үшін олардан бір тиын да алған жоқпын.

Жұмыс жүргізу тәсіліне көңілі толмаған облыс прокуроры бүгін құрылтайшылар мен университет басшылығын жинап, өз пікірін ашық айтты.

Серік Қараманов, Батыс Қазақстан облысының прокуроры:

-Кімді тәрбиелеп отырсыңдар? Елді ойлайсаңдаршы? Егер маған құзірет берілсе, ректорлар мен құрылтайшылардың барлығын тұтқындар едім. Әрқайсысыңа Қылымыстық Кодекстен бап табылады.

Кезінде бірігіп, енді атына кір келтіргісі келмеген жеке меншік оқу орындарының басшылары жағдайдан шығар жол іздеуде. Барлығына бірдей топырақ шашпай, мәселені министрлік көлемінде шешу қажет дегендер де табылды. Қалай болғанда да өздеріне шаң жуытпаудың амалы.

Хайдар Қапанов, БҚИГУ құрылтайшысы:

-Кім заңсыздыққа жол берді солар жауап берсін. Университет толығымен кінәлі деп айтуға болмайды. Менің ешбір айыбым жоқ мысалы.

Прокурорлар анықталған жайттар бойынша қылмыстық іс қозғап, оқу орнының лицензиясын 5 айға тоқтатып тастады. Одан өзге 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Алдағы уақытта университеттің шаруашылық және қаржылық қызметі майшаммен қаралмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде