Ауыр жазамен сотталғандар үйінен сәлемдеме ала алмайды
Елімізде талай дау тудырған тағы бір құжат - Қылмыстық атқару Кодексі күшіне енді. Соған сай, 1-ші қаңтардан бастап түрмедегі жазасын өтеушілердің туыстарымен кездесу уақыты әжептәуір қысқартылып отыр. Сондай-ақ, сәлемдемені сотталушылардың барлығы бірдей ала алмайды.
Автор: Гүлнұр Имандосова
16.01.2015
Бұдан-былай сотталушы туыстарымен бұрынғыдай 3 күн емес, небәрі 1 күнге кездесе алады. Оның үстіне өзін түрме әкімшілігі алдында жақсы қырынан көрсетуі тиіс. Бұл әсіресе, азаматтық некеде тұрған, ортақ балалары барларға қатысты. Егер баланың құжатын көрсетсе, ұзақ мерзімді кездесуге де рұқсат берілмек. Дегенмен, мұның бәрі жазасын өтеушілердің қандай тәртіптегі түзету мекемесінде отырғанына байланысты. Жаңа кодекс қоныс колониясына түскендерді жарылқап отыр. Мұндағылар күні бойы уақытын үйінде өткізіп немесе жұмысын істеп, ал кешке түрмеге қонуға ғана келе алады. Ал, сәлемдеме алуда бірқатар шектеулер енгізілген.
Сансызбай Бақулин, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бас сарапшысы:
-Ауыр жазамен отырғандарға сәлемдеме келмейді. Туыстарымен кездесу уақыты да солай жазаның жеңіл-ауырлығына байланысты болып, күн бекітіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!