Астанада көліктерден автокресло ұрланып жатыр
Астанада балаларға арналған орындықтың таптырмас дүниеге айналғаны соншалық, жұрт енді бір-бірінікін ұрлап жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.01.2015
Үй ауласында тұрған бұл көліктің артқы терезесі күл-талқан. Қызығы сол, автокреслодан басқа ештеңеге тимепті. Әдетте ұрылар жиі әкететін көліктің айнасы, доңғалағы секілді бөлшектер өз орнында. Іште жатқан маңызды құжаттар, тіпті, жап-жаңа дәрі қобдишасына да тиіспепті. Дабыл құрылғысы болмағандықтан, иесі бұл оқиғадан хабарсыз қалған екен. Онсыз да қат тауарға айналған автокресло ұрлау Астанада қарқын ала бастағандай. «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгерту енгізілгелі бері орындық ұрлығы жиілегенін полиция да растап отыр.
Вячеслав Пащенко, Астана қаласының тұрғыны:
-Күн жылы болғасын көлікті гаражға кіргізбей, аулаға қоя салғанмын. Ұрланған автоорындықты үлкен шумен әрең сатып алып едік. Балам әлі отырып та жарытпаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!