{metadescription}
Шымкентте серіктестердің өзара жанжалы мыңдаған  адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды
Шымкентте серіктестердің өзара жанжалы мыңдаған  адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды

Шымкентте серіктестердің өзара жанжалы мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды

Шымкенттіктер жаппай улануға шақ қалды. Облыс орталығындағы ірімшік шығаратын цехтың 40 тоннадан астам өнімінен ішек таяқшасы табылды.

Желтоқсан айында ірімшік шығаратын «Эм-Нұр» цехының басшысы өндірістегі былықты жайып салған. Тоңазытқыштардың істен шығып, дүкендерге жіберілгелі тұрған 42 тонна дайын өнімнің адам денсаулығына қауіпті екенін де алға тартқан ол цехты жауып тастауын өтінген еді. Өз өнімін жамандауына мекеменің екінші бастығымен жанжалдасуы себеп болған. Енді тәркіленген ірімшікті түгел тексеріп шыққан СЭС мамандары басшылардың жанжалы мыңдаған  адамның өмірін сақтап қалуға себеп болды деп отыр.

Меруерт Серікбаева, ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-Үлгілерде жартылай көгерген. Жағымсыз иісімен және де ішек тобының таяқша бактериялары анықталған болатын. Бүгінгі күнге дайын өнімді жою мәселесі шешілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде