{metadescription}
Қостанайдың Тәртіптік кеңесі әкім орынбасарын жұмыстан  қуа  алмай жүр
Қостанайдың Тәртіптік кеңесі әкім орынбасарын жұмыстан  қуа  алмай жүр

Қостанайдың Тәртіптік кеңесі әкім орынбасарын жұмыстан қуа алмай жүр

Қостанай облысының Тәртіптік кеңесі әкім орынбасарын қызметінен кетіре алмай жүр. Артына шам алып түскенін естіген бойда қала әкімінің  орынбасары Валерий Полешко ауруханаға жатып алыпты. Ал заң бойынша, науқас адамды сырттай жұмыстан шығаруға болмайды.

Желтоқсанның ортасында облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында Валерий Полешконы қызметінен босату жайлы ұсыныс жасалған. Себебі атқамінер әлі құрылысы бітпеген тұрғын үйдің қабылдау актісіне қол қойып жіберіпті. Құрылыс компаниясы осыдан кейін де өз міндетін орындауға асықпай, газ құбырларын жүргізу жұмысын 8 айға кешіктірген. Ал уақытылы нысанды тапсырмағаны үшін компания мерзімінен кешіккен әр күнге жарты миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс болған екен. Сөйтіп қазынаны осынша қаржыдан қаққан шенеунікті жұмыстан қуу бірауыздан қабылданыпты. Бірақ әкімнің орынбасары әлі ұстатпай жүр.

Арман Шоманов, Қостанай облыстық Тәртіптік кеңес төрағасы:

- Қызметкер ем қабылдап жатса, іссаппар немесе еңбек демалысында болса оны біздің ұсынысымыз бойынша жұмыстан шығару мүмкін емес. Бірақ әкімдік жұмысқа шыққан бірінші күні-ақ қызметнен шеттетіледі деген уәде берді.. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде