Назарбаев Шөкеевті Ақордаға шақыртты
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаға» дағдарысқа қарсы шұғыл бағдарлама әзірлеуге пәрмен берді. Еліміздегі ең ірі ұлттық компанияларды басқарып отырған ұлттық қор тиімді жұмыс істемесе, экономиканың дамуына кесірін тигізері анық.
Автор: Ербол Сейілхан
16.01.2015
Сондықтан бүгін Елбасы Ақордаға мемлекет активтерін басқарып отырған холдингтің басшысын шақыртты. Өмірзақ Шөкеев, әлемдегі мұнай бағасының түсуі, Ресей рублінің құлдырауы «Самұрық-Қазынаға» кіретін компанияларға зияны тиіп жатқанын мойындап отыр. Ал бұл қиын жағдайдан шығу үшін ұлттық қор - тиімділігі аз, шығыны көп мекемелерін жаппай қысқартуға көшкен. Ғаламдық экономиканың тұралай бастағанын айтқан, Нұрсұлтан Назарбаев Шөкеевке дереу дағдарысқа төтеп беретін арнайы бағдарлама жасауды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-«Самұрық- Қазынаға» кіретін компаниялардың өздерінің жағдайы дұрыс болу керек. Мынау бағалар төмендеп жатқан кезде, жұмыс орындарын сақтап қалу,соларға жұмыс тауып беру мәселесі. Содан кейін бұрынғы жоспарларымыз бар, жекешелендіру мәселелері,оптимизация мәселелері, шығыстардың барлығын қысқарту, табыстарды көбейту. Жаңа дағдарыс жағдайында не істейін деп жатырсыңдар? Бүкіл Қазақстанның өндірісі, мекемелерінің барлығы сендерде ғой?
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:
-Биыл 2015 жылы 524 миллиард теңгеге қысқарту қарастырып отырмыз. Соның ішінде өндірістік шығындарды 7,8 пайызға қысқартамыз деп отырмыз. Әкімшілік шығындарды 20 пайызға қысқартамыз, инвестициялық жобаларды қысқартқанда, олда 18 пайызға жалпы сомасы қысқаратын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!