{metadescription}
Семейде шенеуніктер қар құрсауында қалған  жұртқа көмектесуден бас тартты
Семейде шенеуніктер қар құрсауында қалған  жұртқа көмектесуден бас тартты

Семейде шенеуніктер қар құрсауында қалған жұртқа көмектесуден бас тартты

Семей шетіндегі ауыл қар құрсауында қалды. Кіші Ақтөбе елді мекенімен шаһар арасында онсыз да тас жол болмаған. Ал қыс түскелі ауылмен байланыс мүлдем үзілді.

Жанархан Бөкейханқызы, Кіші Ақтөбе ауылының тұрғыны:

-Мына жерде бір апаның үйі өртенген. Сол кезде осы жерге өрт сөндірушілер келе алмады. 45 минут күтіп, бүкіл үй жанып кетті.

50 шақты түтіні бар ауыл тұрғындарының жылда айтар мәселесі осы. Қыс келіп, қар түссе, жұрт қалаға қарай жаяу беттейді. Себебі жеңіл көлік батып қалады. Күре жолға дейінгі қашықтық 2 шақырым. Ауыл балалары да мектеп автобусы қатынай алмаған күндері омбы қармен жүруге мәжбүр. Жергілікті әкімдікке айтылған шағым нәтиже берер емес. Шенеуніктер қолда техника болмаған соң, не істейміз деп қол қусырып отырса керек. Сондықтан тұрғындарға бірігіп, өздеріне әрекет етуден басқа амал жоқ.

Ербол Шәріпов, Озерки ауылдық аймағы әкімі аппаратының жетекші маманы:

-Енді тұрғындардың өздері жиналу керек те, ол тиын тұратын нәрсе ғой. Жиналып, көліктерге төлеу керек. Бар ғой. Сонымен тазарту керек ол жолды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.