{metadescription}
Алматы әкімдігін жармақ болған азамат қамауға алынды
Алматы әкімдігін жармақ болған азамат қамауға алынды

Алматы әкімдігін жармақ болған азамат қамауға алынды

Алматы әкімдігіне кіріп кетіп, елді дүрліктірген азамат екі айға қамауға алынды. Тергеу аяқталғанша Евгений Рычков осынша уақыт изоляторда отырады.

Оған «Терроризм туралы жалған ақпар таратты» деген айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Өткен сейсенбіде 37 жастағы Евгений Рычков  Алматы әкімдігіне кіріп, ғимаратты жарамын деп байбалам салған еді. Кейін шабаданымда 23 келі тротил бар деген азамат полицияға өзі берілді. Дегенмен бұл жазасын жеңілдетпесі анық. Қаланың бүкіл шұғыл қызметін аяқтан тік тұрғызған Рычков осылайша өзіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық білдірмек болған екен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде