{metadescription}
Ақтөбе облыстық мұражай жабылып тынды
Ақтөбе облыстық мұражай жабылып тынды

Ақтөбе облыстық мұражай жабылып тынды

Ақтөбедегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайын сот шешімімен жауып тастады. Өңірдегі мәдени нысанның қызметін тоқтатқанына мұражай қызметкерлерінен басқа, әзірге ешкімнің басы қатып жатқан жоқ.

Өйткені мұнда әдейілеп жәдігерлерді тамашалауға келушілер жоқтың қасы. Тек анда-санда мұғалімдері жетектеп келген оқушылар мен студенттер жиналады. Өткен жылы өрт сөндірушілер бас сұққанда мұражай жұмысшылары қуанған еді. Бірақ олар мұнда рухани байлық іздеп емес, тексеру үшін ғана соққан екен. Артынан мәдениет нысанын жабу туралы сотқа шағым түсірген. Енді олар кемшіліктерін түземейінше, ғимарат есігінен мөр басылған қағаз алынбайды. Бірақ мұражай басшылары оны орындау мүмкін емес деп отыр.

Мейрам Дүйсенғали, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

-Бұл ғимараттың өзі мынау жиырмасыншы ғасырдың басында тұрғызылған. Қазіргі жағдайда апатты жағдайда тұр. Соған байланысты бұл ғимараттың қызмет етуін тоқтатуға мәжбүрміз. Ондағы көрсетілген кемшіліктерді жою мәнсіз болып тұр. Мәні болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде