{metadescription}
Ақтөбеде жүргізушілер апатқа жол полициясын кінәлады
Ақтөбеде жүргізушілер апатқа жол полициясын кінәлады

Ақтөбеде жүргізушілер апатқа жол полициясын кінәлады

Ақтөбеде жүргізушілер жол апаты үшін полиция қызметкерлерін кінәлауда. Олардың айтуынша, жол сақшылары жүк көлігін тура көпір үстінде алдын кесіп тоқтатқан. Ал «КамАЗ-дың» артынан үш машина бірінен кейін бірі келіп соғылған.

Енді осы 3 темір тұлпардың иелері шығындарын полицейлерден өндіріп алуды көздеп отыр. Ал жол сақшылары «КамАЗ» иесінен бар кінәні мойнына ала салуды сұраған көрінеді. Тіпті, бұған дейін толтырған айыппұл парағын жоямыз деп уәде беріпті. Бұған келіспеген жүргізуші рұқсат етілмеген жерде тоқтатқан полицейлердің жазаланғанын қалайды. Қазір облыстық Ішкі істер департаментінің басшылары да қарамағындағыларға қатысты қызметтік тексеруге кіріскен.

Нұрсұлтан Исаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-«Камазды» мына жол сақшылары  тоқтатуға болмайтын жерден тоқтатқан. Бұл жерде өйткені көпір. Көпірде жағалай сызық. Өзіңіз білесіз ғой енді, жолақты басуға болмайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.