{metadescription}
Ақтөбелік дәрігерлер толғақ қысқан  бірнеше келіншектің өлімін жасырған
Ақтөбелік дәрігерлер толғақ қысқан  бірнеше келіншектің өлімін жасырған

Ақтөбелік дәрігерлер толғақ қысқан бірнеше келіншектің өлімін жасырған

Ақтөбедегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы перзентханадағы әйелдердің өлімі туралы ақпаратты жасырған. Осылайша статистикалық көрсеткіштерін жақсартпақ болыпты.

Өткен жылы бұл аймақта босану кезінде 3 келіншек жан тапсырған. Бірақ мұны дәрігерлер ешбір құжатта көрсетпепті. Олардың осы әрекеттері прокурорлық тексеру кезінде әшкере болды. Ана өлімі туралы ақпаратты жасырған Денсаулық сақтау басқармасының бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік кеңестің талқысына түседі. Мекеменің бұрынғы басшысы Қайрат Сабыр сөгіс алып, кейін басқа департаментке басшы болып ауысып кетті.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының бірінші басқарма бастығы:

-Олар статистикалық деректерді жасырып қалған.  Бұл іске қатысы бар тұлғалардың бәрі жазасын алды. Тәртіптік кеңестің алдында жауап берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде