{metadescription}
Мәдениет министрі: Илья президентпен тілдестіруді өтінді
Мәдениет министрі: Илья президентпен тілдестіруді өтінді

Мәдениет министрі: Илья президентпен тілдестіруді өтінді

Мәдениет және спорт министрі жұртты жаппай лотерея ойнауға шақырды. Ол  құмар ойынға қызығушылардың санын арттырсақ, қазына қаржының астында қалады деп отыр. Арыстанбек Мұхамедиұлы  тіпті ұтылып қалғандарды  күйзелістен құтқарудың амалын да ойлап тауыпты. Ол лотерея ойындарына  қатысты тың идеяға толы заң жобасын әзірлеп, бүгін  Мәжіліске алып келді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының мақсаты мынадай: Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан орталық ашып, лотерея нарығын жеке қадағалау. Яғни, сатылған билеттің санын, сыйлыққа кеткен шығынды өзі санап отырмақ. Сонда бюджетке түсетін салық  бірден 10 пайызға артады екен. Министр тіпті ұтылып қалған адамды жұбатудың да жолын тауыпты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:

-Адам болған соң әркезде қызығушылық болады. Біз сол қызығушылықты қоғамның пайдасына қарай жіберуіміз керек. Егер ойнап жатқан адам өзінің шығындары нақты бюджетке кетіп жатқанын білсе, онда әрине психологиялық тұрғыда да ойы басқаша болады.

Яғни,  мемлекет  үшін  ұтылып, тақырға отырған  жұрт  еш күйзеліске түспейді, белшеден  шығынға батса да қайғырмайтын көрінеді. Мұны естіген депутаттар таң қалды. Жаңа заң жобасын мұқият қарап шықтық деген мәжілісмендер  министрлік  лотерея нарығын монополияға айналдырып алмақ деп күдіктеніп отыр.  Сондай-ақ, депутаттар министрге бірінші кезекте букмекерлік кеңселердегі көлденең табысты реттеп алу керек деген кеңес берді.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Осы кішкентай ғана лотереяны реттеу саясатын біз қайтадан Үкіметтің функциясына артып қойып отырмыз. Бұл бір күрделі дүние емес қой оны Үкіметтің мойнына артып қоятын. Қазір лотереяңызда  аз алады, көбісі букмекерлік контораларға кіріп кетті. Сол жерде ақшаның бәрі жатыр. Оны заңды түрде реттеген жоқпыз.

Бірақ,  Мұхамедиұлы  алған берінен қайтпады. Жиын бойы жағы талғанша құмар  ойынды жақтаған министр шетелдіктер дәл осы лотереядан миллиардтап табыс тауып жатыр деумен болды.  Бұған халық қалаулыларының кейбірі сенген де сынды.

-Ірі ұтысты  Америкадағыдай ала аламыз ба?  Басқа әлем елдерінің тәжірбиесін қарау керек.

Осылайша депутаттар бұл заң жобасын аса қолдай қоймады. Ал, мәжілістен терлеп шыққан министрді кіре берісте  тілшілер сұрақтың астына алды. Арыстанбек Мұхамедиұлы  Илья Ильин соңғы рет әлем чемпионы атанғаннан  кейін Әнұранымыз ойнағанда неге ұялы телефонымен алысып, ерсі қылық жасағанын түсіндіріп ақталды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:

-Енді ондай жағдайда толқу да болады. Шын айтқанда біз бара жатқанда Ильяның өзіне де хабарлап айттық, біздің Елбасымыздың құттықтауы болады деп. Сонда Ильяның да үлкен өтініші болды, бірден қосып беріңізші деп.

Сондай-ақ, Мәдениет министрі қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  фильмнің неге қысқарып қалғанына да тоқталды. Тарихи туынды 10-12 сериялы болады екен. Бастапқыда қазіргі  ел билігін  де  қосуды жоспарлаған  көрінеді.  Кейін сценарийге өзгеріс енгізіп, тек Жәнібек, Керей, Кенесары ханның тұсындағы кезең түсіріледі деп шешіліпті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.