{metadescription}
Обама Назарбаевқа телефон соқты
Обама Назарбаевқа телефон соқты

Обама Назарбаевқа телефон соқты

Ақ үй Ақордаға қоңырау шалды. Барак  Обама  Нұрсұлтан Назарбаевқа  телефон соғып, соңғы күндері тіптен ушығып кеткен  Украинадағы жағдайды талқылады.

АҚШ президенті  Қазақстан басшысының аталған елдің шығысындағы соғысты тоқтатуға арағайындық жасауға ықылас танытуын жоғары бағалады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев Обамаға Германия, Франция, Ресей және Украина президенттерінің кездесуін ұйымдастыруға жеке өзінің араласып жатқанын айтты. Осы «Норманд төрттігінің» жүздесуі аталған аймақтағы жанжалды реттеуге септігін тигізеді деген үміт бар. Бірақ бірнеше мәрте кейінге шегерілген  бұл кездесудің қашан өтетіні әзірге белгісіз. Назарбаев арағайындық таныту ісіне Обаманың өзінің де белсене  араласуын сұрады. Алайда Ақ үй қожайыны ең бірінші кезекте  Минск келісімдерінің орындалауын талап ететінін айтқан. Соғысты қарумен емес, дипломатиямен шешуді жақтаған Елбасы Ресейге салынған санкцияның Орталық  Азия елдеріне кесірі тиіп жатқанын мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде