Березовка ауылында тағы бірнеше оқушы есінен танып қалды
Ал Батыс Қазақстанның Березовка ауылындағы жағдай одан сайын ушығып барады. Себебі тағы 12 бала өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Бұл жайлы олардың ата-аналары хабарлады.
Автор: Олжас Байжан
22.01.2015
Өткен жолғыдай сабақ үстінде оқушылардың басы айналыпты. Бірінің қан қысымы түсіп кетсе, екіншілері оның көтеріліп кеткендігіне шағымданған. Кейбірінің денесі тырысып, ес-түсін білмей қалыпты. Сондықтан оқушыларды Бөрілі ауданынының орталық ауруханаға жеткізу жайлы шешім қабылданды. Березовка ауылындағы жұрттың жаппай талып қалуы қараша айында тіркелген. Жергілікті тұрғындар Қашаған кен орнынан шыққан зиянды заттардың ауаға таралуы мүмкін деген. Бірақ ол болжам ресми түрде расталмады. Ал шенеуніктер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруден бас тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!