{metadescription}
0:000:00
Ақтауда жетімдер үйінің түлектері жұмыс талап етіп аштық жариялады

Ақтауда жетімдер үйінің түлектері жұмыс талап етіп аштық жариялады

Ақтауда жетімдер үйінің түлектері аштық жариялады. Бас-аяғы 12 адам жергілікті биліктен жұмыс талап етуде. Айтуларынша, олар жергілікті биліктен әлдеқашан күдер үзген. Бірақ әкімдіктегілер басқа пікірде. Жетімдер үйінің түлектері кез-келген жұмыс емес, жоғары жалақы беретіндерін сұрайды екен.

Бұл бөлмеде жиналған жандардың көбі – бір-бір мамандықтың иесі. Араларында ұста мен дәнекерлеушіден бастап мұғалім мен аудармашыға дейін бар. Бірақ қолдағы дипломнан да қайыр болмай тұр дейді жетімдер. Барлығы еңбек биржасына тіркелгенімен, әлі күнге дейін тұрақты жұмыс таппапты. Сондықтан кездейсоқ тірлікпен нан тауып жүр.

Ержан Қаулабаев, жетімдер үйінің түлегі:

Қанша барсақ та, әкімдік те, департамент те кіргізбеді. Барсаң құжат толтыр түсніксіз әлденелерді айтады. Біздің де адам сияқты өмір сүргіміз келеді. Дұрыс адам болсақ дейміз.

Наразы топтың ішінде студенттер де бар. Олар 30 мың теңгелік шәкіртақымен қай жыртығын жамай аларын білмейді. Ақыры аш құрсақ жүргендіктен, бірден аштық жариялауды жөн көріпті.

-Міне, тоңазытқыш бос тұр. Жейтін ештеңе жоқ.

Қазір 12 адам тамақтан мүлдем бас тартып отыр. Олардың басты талабы тұрақты әрі жоғары жалақы төленетін жұмыс берілсін дегенге саяды.

Бекзат Досжанов, жетімдер үйінің түлегі:

30-40 мыңның жұмыстары бар, жасауға болады. Бірақ одан да көп айлық алғың келеді, дұрыстап тамақтанғың келеді. Дұрыс киініп жүргің келеді. Барлығымыз үнемі жалтаңдаймыз. Мұнайшы немесе оқығымыз келеді.  Ал соңында –ұрлық, түрме.

Жетімдер амалдың таусылғандығынан аштық жарияладық деп отыр. Бұл жағдайды естіген шенеуніктер тез арада осы пәтерден табылды. Қажетті мамандардың тізімін де ала келіпті.

-Аспаз , тәрбиеші, дәнекерлеуші керек. Кім барады?

Бірақ тізімдегі бос орындар жұмыссыз жетімдердің көңілінен шыққан жоқ. Олардың бірі де орнынан қозғалып, ниет танытпады.

Рахат Елтізаров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

-40 мыңнан бастап 80 мың аралығындағы жұмыстар бұл. Әзірге осындай бос орындар бар. Жігіттер, енді бірлесіп жұмыс істейік.

Шенеуніктердің айтуынша, олардың әзірге қолынан келер бар көмегі осы. Себебі, заң бойынша жетімдерге белгілі бір жеңілдіктер көрсетілмеген. Олар өзге адамдармен тең жағдайда. Сондықтан өте жоғары жалақы жайлы сөз қозғау бос әңгіме.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде