Ақтауда аштық жариялаған жетімдер жалақысы аз жұмыстан әлі бас тартуда
Ақтауда аштық жариялаған балалар үйі түлектерінің әрекеті заңсыз деп танылды. Алайда олар ешқандай жазаға тартылмайды.
Автор: Сандуғаш Шортанова
05.02.2015
Жергілікті биліктен жұмысқа тұрғызуды талап еткен 12 жетім 2 күннен бері аш отыр. Бүгін екеуі әлсіреп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер қауіпті ештеңе жоқ деп, үйлеріне қайтарған. Кешеден бері балалар үйінің түлектеріне бірнеше жұмыс орны ұсынылды. Алайда, олар бәрінен бас тартып, наразылықты жалғастыруда. Көбіне мұнай компанияларынан жоғары жалақы төленетін жұмыс керек екен. Десе де, әзірге ондай орын жоқ дейді шенеуніктер. Енді оларға жоғары жалақы төлеу үшін бюджеттен ақша қаралмақ.
Гүлмира Қалмұратова, Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
-Әлде де түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі әкімдік белгілеген қосымша жұмыс орындарына қарастырып, әрбіріне жеке-жке жалақы беру мәселесін қарастырып жатыр. Бюджетті қарау керек ол үшін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары