Павлодар облысында бюджет қаржысына үй салған депутат ақшаны қайтармайтын болды
Қазынаның миллиондарына салынған үйлер халық қалаулысының қолында қалмақ. Павлодар облысының шенеуніктері кәсіпкер әрі облыстық мәслихат депутаты Серік Сүлейменовтен сотта жеңіліп қалды.
Автор: Әйгерім Шакаманова
09.02.2015
Бастапқыда 14 пәтерлі жеті үйді өзінің шаруа қожалығындағы жұмысшыларына арнап салған Серік Сүлейменов кейін оны 70 млн теңгеге әкімдікке сатып жіберген. Ал атқамінерлер мұнда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында болашағы жоқ ауылдардағы жұртты көшіріп әкелуі тиіс болған. Алайда, Шақат елді-мекеніне бірде-бір отбасы аяқ баспапты. Кейін айдаладағы 7 үйдің ауыл болмасын түсінген шенеуніктер депутаттан 70 млн теңгені қайтаруды талап еткен. Күрмеуі шешілмей келген бұл іске құзырлы органдар да араласқан болатын. Нысандардың құрылысынан еш кінәрат таппаған сот атқамінерлердің әрекетін орынсыз деп танып, іс депуттаттың пайдасына шешілді. Алайда шенеуніктер мұнымен шектелмек емес.
Ардақ Омаров, Павлодар ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі:
- Соңғы сот біздің пайдамызға шешілмеді. Алайда қаржыны қайтару үшін аяғына дейін баруға дайынбыз. Енді апелляциялық шағым түсіреміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!