Таразда базарды жармақ болғандар сотта жауап беруде
Таразда базарды жарып жібермек болғандарға қатысты сот басталды. Айыпталушы ретінде 5 адам жауапқа тартылып жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.02.2015
Былтыр Конституция күнінде шаһардағы ең үлкен «Ауыл-Береке» базарында жойқын жарылыс бола жаздаған еді. Жеңіл көлікті газ балондары мен бензин құйылған құтыға толтырған біреулер оны сауда орталығы маңында өртеп жіберген. Абырой болғанда бұл қастандықты сондағы тәртіп сақшысы көріп қалып өрт дер кезінде ауыздықталды. Ал базар әкімшілігі бұған «лаңкестік» деген баға берді. Тіпті, бәсекелес әріптестерін де айыптап үлгерген. Дегенмен бұл шындыққа жанасатын да сыңайлы. Себебі ұсталған 5 күдіктінің екеуі «Орталық базардың» қызметкерлері болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!