{metadescription}
Ан-2 апатынан қаза тапқандарға өтемақы төлене бастады
Ан-2 апатынан қаза тапқандарға өтемақы төлене бастады

Ан-2 апатынан қаза тапқандарға өтемақы төлене бастады

«Қазақмыс» корпорациясы ұшақ апатынан қаза тапқандарға өтемақы төлейтін болды. Олар үкіметтік комиссия қортындысын күтпей-ақ, марқұмдардың он жылдағы орташа жалақысы мөлшеріндегі қаражатты отбасыларына табыстамақ. 

Сонымен қатар, қаза тапқандардың бала-шағасы кәмелетке толғанша «Қазақмыстың» қамқорлығында болады. Ал тірі қалған Әсем Шаяхметованы жарақатынан жазылған соң жарылқаймыз деп отыр. Әзірге ол ай сайын компаниядан 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып тұрады. Астанадан уақытша үй жалдап та берген. Биыл 20 қаңтарда Шатыркөл кен орны маңына АН-2 ұшағы құлап, 6 адам опат болған еді. Оның үшеуі «Қазақмыстың» қызметкерлері, үшеуі экипаж мүшелері. Тірі қалған «Балқаштүстімет» өндірістік ұйымының бас геологы Әсем Шаяхметова ғана. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаға адами фактор немесе ұшақтың техникалық ақауы себеп деген екі болжам бойынша іс жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған комиссия қорытындысы 2-3 айдан кейін жарияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.