{metadescription}
Елімізде тағы бензин арзандады
Елімізде тағы бензин арзандады

Елімізде тағы бензин арзандады

Миллиондаған жүргізушілер үшін жағымды жаңалық. Ең көп сұранысқа ие, АИ-92-нің құны қазіргіден де арзандай бермек. Өйткені, еліміздегі қоймалар шетелден тонналап тасылған жанармайға лық толған. Енді орын босағанша баға түсе береді.

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы: 

-Егер ішкі нарықтағы бензиннің құнына келсек, Энергетика министрлігі ең төменгі бағаны белгіледі. Бірақ кейбір жанармай құю бекеттерінде одан да арзан. Баға әлі де төмендеуі мүмкін. Өйткені, қоймаларда орын болмай тұр. Оның үстіне мұнай өңдейтін зауыттар өндіріс көлемін қысқартқан жоқ.

Бұған  Ресейден әлі де тонналап келіп жатқан жанармайды қосыңыз. Үкімет әзірге көршілеріміздің импортына шектеу қоюды жоспарлап отырған жоқ  -деді Мыңбаев. Яғни, жеке операторлар Ресейдің арзан бензинін әлі де таси береді деген сөз. Елімізде бензин былтыр желтоқсанда арзандаған еді. Алғаш рет АИ-92 128 теңгеден 115 теңгеге, кейін 107-ге төмендеді. Қазір бірқатар жанармай бекеттері АИ-92-ні 105 теңгеден де сатып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.