Назарбаев әскерді соңғы үлгідегі қарумен қамтуға пәрмен берді
Нұрсұлтан Назарбаев, қазақ әскерін заманауи қару-жарақпен қамтып ел шебін жаудан қорғайтын сарбаздардың әзірлігін күшейтуге пәрмен берді.
Автор: Ербол Сейілхан
09.02.2015
Бүгін Елбасы Ақордаға Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Нұрлан Ермекбаев пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты шақыртты. Қорғаныстың күшеюіне жауапты қос шендіге Елбасы, қазақ армиясын тек озық техника мен соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтып жауынгерлердің дайындығын ұдайы тексеріп отыруға міндеттеді. Бұған дейін президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына да шекара шебін мықтап қымтай түсуге тапсырма берген. Ал жақында Қорғаныс министрлігі босқын ретінде елге кіріп кеткен лаңкестік топтар мен сепаратистік ұйымдарға соққы беруге дайындайтын ауқымды жаттығу өткізген болатын. Тіпті, Ресейден 75 миллион долларға 4 Су-30 жойғыш ұшағын сатып алғанын да айтқан едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!