Ақтөбе облысында скайпты меңгерген қариялар Елбасымен байланыстыруды сұраған
Ақтөбе облысында қариялар компьютер тілін меңгергендері сонша, тіпті мәселелерін скайп арқылы шенеуніктерге жеткізетін болған. Cу болмай, жарық сөнсе бірден поштадағы компьютерге жүгіреді. Ондағы қызметкерлерден тіпті министр емес, Елбасының өзімен байланыстуруды сұрап шатақ шығарады екен. Скайптың көмегімен алыстағы атқамінерлермен тілдесіп болғасын, қарттар туыстарымен сағаттап жүздеседі.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.02.2015
-Бестамақ ауылындағы пошта үйіне ортанылған жалғыз компьютерді жергілікті жұрт жыр қылып айтатын болған. Әсіресе зейнеткерлер оған қызығушылық танытып отыр. Себебі алыстағы ағайынмен скайп арқылы сөйлесіп, аман-саулық сұрасқанына қуанышты.
Бестамақ ауылының үлкендерін осы пошта үйінен табасың. Бұрын олар мұнда айына бір рет соғатын. Онда да тек зейнетақы алатын кезде. Енді ақысыз ғаламтор қосылы поштадан шықпайтын болыпты.
Зәру Сейілханова, Бестамақ ауылының тұрғыны:
-Поштаға келгенде зейнетақымызды аламыз да, осы арадан сөйлесетін адамдарымыз сөйлесеміз. Көріп отырамыз көзбе көз.
Шалғайдағы ауыл тұрғындары мәселесін айту үшін облыс орталығы мен Астанадағы шенеуніктерге жетуі қиын. Енді компьютерден болса да шенеуніктердің жүздерін көріп, сөйлесетіндеріне риза. Осы мүмкіндікті пайдаланып қазір скайп арқылы жер сұраушылар мен ауылдың жайын айтушылар көп.
-Жерді меншікке алуға боа ма? Несиеге алуға бола ма? Соған жауап берсеңіз
Кейбірі министрлерді менсінбей, пошташылардан президентпен байланыстыруды сұрайды екен.
Раиса Федарос, Бестамақ ауылының тұрғыны:
-Егер бірдеңе бола қалса онда министрге скайп арқылы шығамыз. Әзірге майда-шүйде мәселелерімзді жергілікті басшылар шешуге тырысып жатыр ғой.
Қарттарға скайп қосуға пошташылар көмек беріп жүр. Дегенмен ауылдағы жұрт көбіне алыстағы ағайындарының хәлін сұрауды жөн көреді.
Зульфия Төремұратова, пошта қызметкері:
-Енді ауылдың адамдарына өте ыңғайлы әсіресе үлкен адамдарға. Бірі Германиядағы туысқанымен сөйлесті. Тоқсандағы әжеміз Астанадағы немересімен сөйлесті. Соның бәрін көзбе-көз көргесін адамдарға өте жақсы.
Енді ауыл тұрғындарымен облыстағы басқарма басшылары кезекпен байланысқа шығып отыратын болады. Халықтың сауалдарына қарай министрлер мен депутаттар да осы жүйеге тарылмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!