{metadescription}
Еліміздің ұшқыштары зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр
Еліміздің ұшқыштары зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр

Еліміздің ұшқыштары зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр

Еліміздің ұшқыштары Үкіметтен зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр. Кезінде олар 6 мың сағат ұшқан соң құрметті демалысқа кететін болған. Бірақ кейін бұл жеңілдіктен қағылыпты. Енді зейнеткерлікті жұрт қатарлы 63 жасқа дейін күтуі тиіс. Алайда олардың ешқайсысы да ұшақ тізгінін соған дейін ұстап жүре алмайды. Үнемі радиацияның ортасында болатындықтан, ұшқыштардың денсаулықтары жұмыс істеуге жарамай қалады екен.

Владимир Куропатенко азаматтық авиация саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. 14 мың сағаттан артық әуе кеңістігінде болған оның бүгінде жүрегі сыр беріпті. Сол себепті жұмысынан ерте шығып қалған ұшқыш зейнеткерлік жасқа енді жетіп отыр.

Владимир Куропатенко, Әуе тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы:

-Елімізде 63 жасына дейін ұшақпен ұшып, зейнеткерлікке шыққан ұшқыш жоқ. Ол мүмкін емес.Үнемі физиологиялық әрі психологиялық қысымда болатын ұштықтың денсаулығына зақым ерте келеді. Оның үстіне қарт адамға жолаушылардың өмірін қайтіп тапсырамыз?

Бұрын ұшқыштар 6 мың сағат ұшқан соң зейнеткерлікке кететін. Бірақ кейін олардың жетіспеушілігінен бұл жеңілдіктен қағылыпты.Тіпті, еліміздегі кейбір авиакомпаниялар шетелден де мамандарды тартады екен. Ал оларды өз елімізде оқытып дайындау үшін мемлекет қыруар қаржы шығындайды. Әрі жас мамандарға жаттығуға арналған ұшақтар мен алаңдар жоқтың қасы. Тек мынандай құрылғылар ғана бар.

-Ұшқыш әуеге көтеріліп жолаушыларды тасымалдамас бұрын мынадай құрылғыда жаттығады. Осында отырсаң ұшақпен ұшқандайсың. Десе де қанша машықтанғаныңмен нағыз ұшақпен ұшу бір басқа. Ол кезде ұшқыш жолаушылардың өмірі үшін жауапты.

Осындай психологиялық қысымның үстіне радиацияны қосыңыз. Сондықтан ұшқыштардың денсаулығы үнемі дәрігерлердің бақылауында. Егер қауіпті кінәрат табылса, ұшқыш қызметінен шеттетіледі. Әрі зейнетке де шықпайды. Сондықтан олар зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр. Бірақ Азаматтық авиация комитеті бұл ұсынысты қабыл алмады.

Серік Мықтыбаев, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары :

-Бұл сұрақты заңды қабылдаған парламентке қою керек. Бірақ ұшқыштың қызметі ауыр екені рас. Олар соған сай айлық алады. Егер денсаулығы жарамай қызметтен шеттетілетін болса, өзі жұмыс істеген авиакомпаниямен келісуі керек. Ақша төлейтін шығар.

Енді зейнет жасын қысқарту туралы ұсынысың қараусыз қалатын түрі бар. Айта кетейік, ТМД бойынша тек біздің елдің ұшқыштары ғана зейнеткерлікке жұрт қатарлы шығады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде