{metadescription}
 «Норманд төрттігі» Донбасстағы соғысты тоқтатуға келісті
 «Норманд төрттігі» Донбасстағы соғысты тоқтатуға келісті

«Норманд төрттігі» Донбасстағы соғысты тоқтатуға келісті

Донбасстағы қарулы қақтығыс тоқтатылатын болды. Минскіде 17 сағат бойы үзіліссіз жүргізілген келіссөзден соң осындай декларация қабылданды. Құжат 15 ақпанда күшіне енеді.

Ресей, Украина, Германия және Франция басшылары, яғни «Норманд төрттігі» ұзақ кездесуден кейін бір тоқтамға келді. Енді екі күн ішінде қарулы қақтығыс аумағынан әскери техника мен барлық сарбаздар шығарыла басталуы тиіс. Бұл әрекет ұзаққа созылып кетпеуі үшін 14 күн уақыт белгіленген. Ереже бойынша қос тараптың әскерилері шекарадан 50 шақырым жерге алшақтауы қажет. Сонымен қатар тұтқындарды босату көзделіп отыр. Яғни барлық тұтқынға алынған азаматтар жақын арада бостандыққа жіберілмек. Донецк және Луганскде сайлау жүргізу ережелері бекітіліп, ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стандарттары негізінде іске асырылады. Петр Порошенко бірнеше ай бұрын журналистердің өліміне қатысы бар деп Ресей тарапы қамауға алған ұшқыш – Надежда Савченконың босатылатынын хабарлады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде