{metadescription}
Сапарбаев Астанадан шықпайтын Білім министрінің шаңын қақты
Сапарбаев Астанадан шықпайтын Білім министрінің шаңын қақты

Сапарбаев Астанадан шықпайтын Білім министрінің шаңын қақты

Еліміздің жоғарғы оқу орындарын Бас прокуратура жаппай тексермек. Саналы студент емес, болашақ жұмыссыздарды әзірлеп жатқан   университеттер мен колледждердің есігіне қара құлып салынады. Ал облыстарды айтпағанда, Астанадағы мақтаулы екі оқу орнын аралаған    Бердібек Сапарбаев оны көріп ұялғанын айтты. Орта білімнен де береке кеткен. Бүгін реформа қуғыш Білім министрін қатал сынға алған вице-премьер, Астанада отырып алып аймақтағы былықты білмейтін  Сәрінжіповтың шаңын қақты.

-Қанша процент қалды жастар жұмыссыз?

 -4-3.

-Өтірік айтасың, 7 пайыз.

-Білмейсің.

Бүгін Білім министрі бар жетістігін жайып тастап вице-премьердің көзіне түсуге тыраштанған. Бірақ, ойлары іске аспады. Себебі, Үкіметте  әлеуметтік салаға оның ішінде білімге жауапты Бердібек Сапарбаев қыруар ақша бөлінген ғылыми ізденістердің көрмеден ары аса алмағанына қынжылыс білдірді. Мәселен, екі жылда бюджеттен 42 млрд теңге бөлінгенімен бірде бір жоба іске аспапты. Сәрінжіповты сынаудан бастаған  Сапарбаевтың өзге де сауалдары көп болып шықты.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Біріншіден, білім стандарты қашан бітеді? Ең  болмаса бастауыш мектептерде. Екінші сұрақ, оқулықтар. Осылай жылда ауыстырып жүре береміз бе? Үшінші сұрақ қашықтықтан оқытуға қатысты.

-А, жолдас министр,айт?

Ал министрдің баяндамасы тастай. Мақтанып айтқан жоспарларының барлығы әзірше,құжат жүзінде. Бас мұғалім орта мектептердегі білім стандартын жыл соңына дейін жаңартамыз деп уәде берді. Орта жолда тоқтаған 12 жылдық білім беруді де, қайта жалғастырмақ. Яғни, бала  мектепке дейін міндетті түрде 1 жыл дайындықтан өтеді де, әріқарай 11 сыныпты толық тәмамдайды. Ал, талай дауға тұздық болған оқулық мәселесі келесі жылы түбегейлі шешіледі екен.

Асылан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:

-Оқулықтарды сатып алу, жеткізу көктемде басталады.Қыркүйекке дейін толық қамтимыз кітаппен.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-«Болуы мүмкін» деген әңгімені доғарыңыз.Тағы қайталаймын. Қыркүйек емес, тамызға дейін кітап болуы керек.

Сапарбаевтың оқулыққа шүйлігуінің жөні бар. Былтыр ата-аналар оқу жылдының ортасына дейін кітап іздеп, дүкендердің табалдырығын тоздырған болатын. Ұзын -сонар кезек күткен мыңдаған адам іздегенін таппай әуре-сарсаң болған. Кейін министрлік оқулық тапшылығына уақтылы тапсырыс бермеген жергілікті әкімдіктерді кінәлаған еді. Бірнеше облысты басқарған соң, шынайы ахуалды білетін Бердібек Сапарбаев болса бұған  Сәрінжіповтың өзін айыптады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Министрлік әкімдіктермен жұмыс істемейді. Қағазбен және телфонмен жұмыс істейді. Болды. Адамдарыңыз ауданға, облыстарға бармайды. Мен білем мұны.

«Облыстардағы жағдайды білмейсіңдер» деп шүйліккен вице-премьерге Білім министрі түк демеді. Керісінше, кемшіліктерді қатқыл үнімен көзге шұқып көрсеткен Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтумен болды. Ал 12 жылдық білім берудің тоқтатылуына президент қарсы шыққан соң, Сәрінжіпов енді оны  оны қалайда жалғастырамын деп қайта белсеніп отыр. Бірақ, басынан дау арылмаған жобаның қашан іске асырылатыны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде