Ярослав Красиенко тағы топ жарды
Әріптесіміз Ярослав Красиенко тағы үздік шықты. Мемлекет басшысы туралы бірнеше эксклюзивті фильмдердің авторы бұл жолы Тұңғыш Президент қорының лауреаты атанды.
Автор: Ербол Сейілхан
13.02.2015
Бұл марапат негізінен ерекше ғылыми және шығармашылық ізденістерін көрсете білгендерге табысталады. Ал байқауға еліміздің әр түкпірінен әртүрлі тақырыпта жетпістен астам жұмыс түсіпті. Қазылар алқасы соның ішінен 19 талантты іріктеп алған. Олар елге танымал әнші, актер, хореограф, ғалым мен физиктер мен биологтар. Ярослав Красиенко – ақпарат құралдарының ішінде, Тұңғыш президент қорының лауреат атағын алған жалғыз журналист. Қазылар алқасы,әріптесіміздің Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірген фильмдерін үздік деп таныған.
Ярослав Красиенко, Астана қаласындағы «КТК» бюросының директоры:
- Бұл жалғыз менің ғана жеңісім емес. «Назарбаев-лайф» «Өте нәзік қызыл жолақ» «Дороги жизни» фильмдерін әзірлеуге оператор, режиссер, бейнеқұрастыршы, тіпті көлік жүргізушілеріне дейін көп еңбек сіңірді. Сондықтан бұл КТК ұжымының лайықты жеңісі деп білемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!