{metadescription}
Ақмола облысында халық жаны жомарт жерлестерін қамаудан босатуды сұрады
Ақмола облысында халық жаны жомарт жерлестерін қамаудан босатуды сұрады

Ақмола облысында халық жаны жомарт жерлестерін қамаудан босатуды сұрады

Ақмола облысында жұрт заң бұзған ауылдастарын жақтап шықты. Олар Ақсу кентіндегі ескі кеніштен астыртын жолмен алтын өндірген 3 азаматты қамаудан босатуды сұрап отыр. Айтуларынша, бұл үшеу жетім-жесірді жебеп, ауылдың көркеюіне үлес қосқан көрінеді. Сондықтан жұрт бір айдан бері тергеу қапасында отырған жігіттерді бір жолға кешірулерін сұрап, Бас прокуратураға хат жазған.

Жұрт жақтаған 3 азамат өткен айдан қамауға алынған. Бірі қой шаруашылығымен айналысатын жергілікті кәсіпкер. Мал өсірумен қатар ол өз үйінде цех ашып, қиыршық тастан алтын өндіріп келген екен. Тінту кезінде жарылғыш заттар, қару-жарақ, дайын алтын құймалары тәркіленіпті. Сол контрабандист деп айыпталған азаматтарға енді ауылдастары араша сұрап отыр.

Несіпбек Хамзин, Ақсу кентінің тұрғыны:

-Менің ол кісі ешқандай туысым емес. Бірақ ауылға , мешітке жасаған жақсылығын ұмытпауымыз тиіс.  Халықтың жағдайын ескеріп, жазасын  жеңілдетуін сұраймыз,кешірім сұраймыз!

Қисмат Шәйсұлтанов, Ақсу кентінің тұрғыны:

-Балаларға жұмыс беріп, мешітке көмектеседі, ауылдың қамқоршысы, жетім балаларға да көмектеседі. Біреу қысылса, өлім жітімсіз болмайды халық арасында. Сонда біреу сұрап келсе жылқысын береді, қойын береді.

Жұрттың жабылып жазған арызы Бас прокуратураға дейін жеткен екен. Қадағалаушы орган тергеуде біраз жеңілдік жасайтындай ыңғай танытқанымен, соңғы нүктені сот қояды деп отыр.

Құрмет Әубәкіров, Степногор қаласы прокурорының орынбасары:

-Өз атымыздан қылмыстық іске тіркеуге  қарастырамыз. Бұл істер Бас прокуратураның,облыс прокурорының бақылауында. Сондықтан оның барлығы қаралады. Ал оның заңдылығы,қылмыстық әрекеттері сотта белгілі болады.

Ақсу кенті алтынның үстінде отырғасын бағалы металлды қазу мұндағы жұрттың ертеден бергі кәсібі. Ал қазір мұнда «Қазақалтын» компаниясы ғана бағалы руданы өндіруге құқылы. Солардың рұқсатынсыз күрек ұстап, жер қазғандардың бірде бірі оңған емес. Жергілікті тұрғындар осыған наразы. Өйткені, алпауыт компания ауылға ең болмаса ауызсу тартып беруге құлықсыз дейді қараша. 4 мың тұрғын 16 жылдан бері тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде