Ақтөбеде өз әйелін өртеп жіберді деп күдікке ілінген азаматқа іздеу жарияланды
Кесір күйеу баладан келуі мүмкін! Ақтөбе облысында жер үйден шыққан өрт бір адамның өмірін жалмады. Ағайын-туыс тілсіз жаудың қасақана қойылғанына сенімді. Олар марқұммен бірге тұрған күйеубаладан сезіктенеді. Туысынан айырылып, әрі қыс ішінде тентіреп қалған отбасы енді кімнен көмек сұрарын білмейа абдырап отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.02.2015
Алға қаласындағы күлге айналған бұл үйде от төр бөлмеден тұтанған. Айналдырған екі сағат ішінде баспананы түгел жалын шарпыпты. Төсекте жатқан Алмира Бендюкованың мәйітін құтқарушылар тек өртті сөндірген соң тапты. Туыстары оның ажалына күйеубаласын кінәлап отыр.
Дмиртрий Манойлов, Алға қаласының тұрғыны:
-Қарындасым жолдасымен ұрысып қалған. Күйеубаламыз оны үйге кіргізбей қойыпты. Артынан екі сағат өтпей жатып үй өртенді. Бұл қасақана жасалған. Қаза тапқан үлкен апамыздың түтінге тұншығып өлгеніне күмәнданамыз.
Күдікті күйеубала осы оқиғадан соң із суытқан. Марқұм әйелдің қызы мен екі немересі қазір жақындарының үйінде тұрып жатыр. Олар күлге айналған шаңырақтарынан кәдеге жарар заттарын іздеп жүр.
Руслан Бендюков, оқушы:
-Мектеп құралдарым бәрі жанып кетті. Тек спорттық аяқ киімім қалды. Оқулықтарым да, киімім де жоқ.
Өрттен зардап шеккен отбасыға туыстары мен көрші-қолаң көмек береміз деп отыр. Ал өрт сөндірушілер сараптама үшін қажетті айғақ заттар мен тергеу материалдарын ішкі істер департаментіне өткізген. Оқиғаның неден болғаны соның қортындысынан кейін белгілі болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!