{metadescription}
Алматы тұрғындары ішпеген суға ақша төлеуден бас тартты
Алматы тұрғындары ішпеген суға ақша төлеуден бас тартты

Алматы тұрғындары ішпеген суға ақша төлеуден бас тартты

Алмаған суға ақы төлеуге міндетті! Бүгін Алматының жер үйлерде тұратын тұрғындары коммуналдық мекемеге қарсы шықты. Айтуларынша, «Алматы су холдингі» құдық біткеннің бәрін жауып, жұртты 20 жыл тіршілік нәрінен қағып келген. Сөйте тұра, жоқ суға түбіртек жіберулерін ешқашан доғарған емес. Төлемегендерді тіпті сот арқылы қорқытуға көшкен.

Бұл – Алматының қақ ортасындағы ықшамауланың бірі. Тек қала аты болмаса, мұндағы тіршілік шаһардыкінен мүлдем алыс. Әсіресе, коммуналдық қажеттілік жағынан. Кәріз желісін айтпағанда, тіпті ауызсудың өзі жоқ.

-Судың жоқтығынан, міне, ыдысты да жинап-жинап, бір-ақ жуамын. Міне, шайды да бір шайнек қайнатып, оны да үнемдеп ішеміз.

Бұрын бұл көшеде құдық болған екен. Тек 1996 жылы «Алматы су холдингі» «маңайдағы дүкендер бейберекет пайдаланды» деген желеумен жауып тастапты. Содан бері жұрт тіршілік нәрінсіз қалғанымен, ақысын үзбей төлеуге міндеттелген.

Мәншүк Өксікбаева, Алматы қаласының тұрғын:

- Мысалы, шамамен бізге әр адамның санына байланысты деп келген. Маған соңғы рет 2012 жылға 7 мың 400 келген. Содан кейінгі жылдарды мен төлемедім.

Тарыққан жұрт қиындықты өз беттерінше құдықты қайта қосып шешпекке әрекеттенген. Тек оған жолға жауапты оған рұқсатын бермепті. «Алматы су холдингі» де келісе қоймаған. Енді, міне, қарызды төлеуге ескерту соттан да келе бастады. Бірақ суға жауапты мекеменің айтары жұрт сөзіне кереғар. Егер өтініш түсірсе, ортақ желіге қосуға әрекет жасамақ.

Махамбет Жанұзақов, Алматы қаласы сумен қамтуды реттеу қызметінің басшысы:

- Ол үйге негізі қарама-қарсы банк тұр. Сол жерде құдық болған. Арыз түскен, сондықтан ол құдықты алып тастадық. Ондай құдықтар алынып тасталған үйлерге жеңілдетілген ортақ желіге қосылуға мүмкіндік бар. Оған адамдар бізге арызбен келуі керек. Ал бұл тұрғындар арызбен келген жоқ.

Ал түбіртектің жіберілуін мекеме басшысы заңдылық дейді. Яғни талапқа сай ортақ желіге қосылмаған әрбір үй көше құдығынан су алды деген есеппен ақша төлеуге міндеттеледі екен. Бұл - айына 41 теңгеде саналған, 750 литрдің ақысы. Айналып келгенде, аталған мекеме өкілдері судан таршылық көріп отырғандардың мәселесін шешуге уәде етті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде