{metadescription}
Генерал Жоламановтың былығын әшкерелеп жатқан офицердің жүрегі сыр берді
Генерал Жоламановтың былығын әшкерелеп жатқан офицердің жүрегі сыр берді

Генерал Жоламановтың былығын әшкерелеп жатқан офицердің жүрегі сыр берді

Мемлекеттің милиондарын жеді деп айыпталып жатқан тағы бір шенді әскери - генерал Жоламановтың сыбайласы сот залынан ауруханаға әкетілді. Қайрат Балмағамбетовтың денсаулығы аяқасты сыр берген. Сөйтіп, процесс тағы кейінге шегерілді.

Балмағамбетов, тұрыңыз

- Өзіңізді жайсыз сезініп тұрсыз ба

- Иа.

- Дәрігердің көмегі керек. Жүрегім...

Жүрегі сыр берген Қайрат Балмағамбетов тура сот залынан жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. «300 мың доллар пара алды», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деп айыпталып отырған Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов пен екiншi айыпталушы - №2458 әскери бөлiмiнiң бұрынғы командирi Қайрат Балмағамбетовтың ісіне қатысты бүгiн тараптардың жарыссөздерi басталуы тиiс еді. Үй қамақта отырған Балмағамбетов кінәсін толық мойындаса да, генерал Жоламанов өзіне шаң жуытар емес. Тіпті қылмыстық істі «саяси тапсырыс» деп отыр. Ал, келесі сот процессінің қашан болары белгісіз.

Жомарт Сарманов, Н.Жоламановтың адвокаты:

-Диагнозын білмеймін, бірақ оны жүрек-қан тамырлары орталығына жатқызуға алып кетті. Егер оған дейін жазылмаса, сот тағы да болмай қалуы мүмкін. Бұған дейін тек Жоламанов қан қысымым көтерілді деп шағымданған еді, ал Баймағамбетов еш уақытта денсаулығының нашарлығын айтпаған болатын. Бәрі аяқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.