{metadescription}
Австрия билігі Рахат Әлиевтің өзіне қол салғанын растады
Австрия билігі Рахат Әлиевтің өзіне қол салғанын растады

Австрия билігі Рахат Әлиевтің өзіне қол салғанын растады

Рахат Әлиев Австрия абақтысында көз жұмды. Экс-шенеунік өз-өзіне қол салған. «Kurier» басылымы таратқан ақпаратқа қарағанда, Әлиев камера ішіндегі киім ілгішке асылып қалыпты.

-Австрияның Йозефштадт түрмесінің қызметкерлері Рахат Әлиевтің өлі денесін таңғы сағат 7:20 тапқан. Қазақстанның Австриядағы бұрыңғы елшісінің көз жұмғанын Вена соты растап отыр. Бірақ марқұмның адвокаттары суицид жасалғандығына күмәнмен қарайды.

Қазір суицидтің мән-жайы анықталуда. Экс-елшінің адвокаты осыдан бірнеше күн бұрын Әлиевті үш орындық темір тордан жалғыз адамдық камераға ауыстыру жайлы өтініш жасаған екен. Киім ілгішке асылып тұрған денесі сол камера ішінен табылыпты. Рахат Әлиев былтыр жазда қамауға алынған болатын. Австрия соты оған екі қазақ банкирін өлтірді деп айып таққан. Кейін Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне де қатысы бары мәлім болды. Экс-шенеуніктің отанында сырттай 40 жылға сотталғанын да айта кетейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.