{metadescription}
Өскеменде қыруар ақшаға сатып алынған жол белгілері қирап жатыр
Өскеменде қыруар ақшаға сатып алынған жол белгілері қирап жатыр

Өскеменде қыруар ақшаға сатып алынған жол белгілері қирап жатыр

Жарамай қалған жол белгілері! Өскеменде жылдамдықты шектейтін жол бөгеттері жаппай жарамсыз болып жатыр. Бақандай 3 миллион теңгеге алынса да айға жетпей күл-талқаны шыққан.

Алабажақ бөгеттер жолға жақында ғана төселген екен. Жаяу жүргінші көп жерде көліктің жылдамдығын шектеуі тиіс белгілерді енді «бөгет» деп атаудың өзі қиын. Шетінен бөлініп жатыр. Ал ажыраған сым-темірлері доңғалақтарды тесіп өтіп, жүргізушілердің әбден мазасын қашырған. Осылайша, қауіпсіздікті сақтауы тиіс құрылғылар, керісінше, қауіпті боп тұр. Әкімдік енді оларды қайта жасатпақшы.

Жандос Байырханов, Өскемен қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Егерде көктемде біз тексеріп қарайтын боламыз, қандай да бір жағдайда орнатылған құрылғылардың сапасы жағынан кемшіліктер болса, онда орнатқан мердігер компанияның есебінен жасайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде