{metadescription}
Алматы әкімі науқастарды «бай» «кедей»  деп бөлетін дәрігерлерге шүйлікті
Алматы әкімі науқастарды «бай» «кедей»  деп бөлетін дәрігерлерге шүйлікті

Алматы әкімі науқастарды «бай» «кедей» деп бөлетін дәрігерлерге шүйлікті

Ахметжан Есімов дәрігерлерді бір сыбап алды. Бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы бастаған бірнеше емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері өткен жылғы жетістіктерді айтып қала әкімінің алдында есеп берген. Бірақ барлығы сөз естіп тынды. Әкімнің әсіресе ауруханалардағы қызмет сапасына көңілі толған жоқ. Өйткені, дәрігерлерге шағым айтушылар саны соңғы уақытта еселеп артыпты.

Дәрігерлердің өткен жылды қорытындылап, әкім алдында есеп беретін жиыны бұл. Қаладағы барлық аурухананың бас дәрігерлері түгел жиналған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы баяндамасын алдымен жеткен жетістіктерімен бастады.

Жанат Қасымжанова, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Кісі өлімі азайды. Ал, бала туу деңгейі көтеріліп, емханалар жаңа қондырғылармен жабдықталып жатыр. Туберкулез бен онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны едәуір кеміді.

Оптимизмге толы баяндама әкімнің де көңілінен шыққандай еді. Алайда, әңгімесін алғыспен бастаған Ахметжан Есімовтың сөзін қарсы алдында сағыз шайнап отырған дәрігер бөліп жіберді.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Сіз сөйлеп тұрғанда, мен сағыз шайнап қарап отырсам сізге ұнай ма? Қалай қабылдайтын едіңіз?Мен де тура солай өзіме қабылдап тұрмын.

Шайнаңдаған дәрігер әкімнің ашуын тудырса керек, бұдан кейін Есімов ешкімді аяған жоқ. Дұрыс диагноз қоймау, науқасқа жүрдім бардым қарап, қажетті ем жасамау, қалталыға ғана қызмет керсету Алматы ауруханаларында көбейді дейді әкім. Тіпті өзінің жеке блогына арыз айтушылар соңғы уақытта еселеп артқан.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Науқасты қабылдаған кезде де, оны бай кедей деп бөлетіндер бар. Олар ақшасы бар адам ғана өмір сүруге құқылы деп ойлай ма сонда? Адамның бәрі бірдей. Егер бас бәрігер өз жұмысымен айналыса алмаса, оны ауыстыру керек. Білікті дәрігерлер жеткілікті.

Екі сағат бойы Есімовтен осындай қатаң ескерту алып тынған бас дәрігерлер олқылықты дереу жоямыз деп тарқасты.

-Білікті мамандар бар болғанымен жалпы дәрігерлер саны аз. Бір ғана Алматыда 500 дәрігер мен 700 мейірбике тапшы екен. Ал, жетіспеушілігін жою үшін қала әкімі алдағы уақытта олардың жалақысын арттырып, жатақхана беру мәселесін қарастырмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.