Қазақстан Рахат Әлиевтің өлімін тергеуге қатыспақ
Қазақстан Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жүргізілетін тергеуге қатысқысы келеді. Сондай-ақ, экс-шенеуніктің қазасы жан-жақты әрі әділ тергелгенін талап етпек. Бұл туралы бүгін Сыртқы Істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады.
Автор: Ербол Сейілхан
25.02.2015
Министрлік осындай өтініші барын Австрияның құзырлы органдарын хабардар еткен. Егер ресми Вена қарсылық танытпаса, Қазақстан тарабы тергеуге қатысуға әзір. Сондай-ақ, ведомства Әлиевтің туыстары, атап айтқанда жесірі Эльнара Шораздың әзірше көмек сұрап хабарласпағанын айтып отыр. Егер марқұмның жақындары мәйітті сұратса, оның Қазақстанға жіберілуі әбден мүмкін. 24-ші ақпанға қараған түні, экс- елші, елімізде талай лауазымды қызметтер атқарған Рахат Әлиевтің Австрия түрмесінің жалғыз адамдық камерасынан өлі денесі табылған. Ақпарларға қарағанда, марқұм қоқыс қапшығының бауын мойнына орап киім ілгішке асылып қалыпты. Айта кетсек, Әлиев екі қазақ банкирінің өліміне қатысты айыпталып былтыр жазда қамауға алынған болатын.
Ерлан Ыдырысов , ҚР Сыртқы Істер министрі:
-Австрияның Әділет министрлігі Әлиевтің өзіне қол салғанын растады. Біздің сондағы елшілік Венаның құзырлы органдарымен үнемі байланыста. Басқа ештеңе айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!