{metadescription}
Алматыда автотұрақ қызметкерін атқан жүргізуші 7 жылға сотталуы мүмкін
Алматыда автотұрақ қызметкерін атқан жүргізуші 7 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда автотұрақ қызметкерін атқан жүргізуші 7 жылға сотталуы мүмкін

Алматының қақ ортасында атыс болды. Көлігін автотұраққа қойған жүргізуші 50 теңге төлегісі келмей, ақы сұраған қызметкерді травматикалық тапаншамен атқан. Салдарынан 20 жасар жігіт аяғынан жараланып, ауруханаға түсті. Қазір полиция бұл  оқиғаға қатысты тергеу ісін бастап кетті.

Бұл видеода «Тойота Рав-4» көлігінің жүргізушісі қашарға жер таппай қипалақтауда. Автотұрақ қызметкерін атып салғаннан кейін жұрт оның тапаншасын тартып алмақ болған. Алайда «мен ешкімнен қорықпаймын» деп қиғылық салған жігіт аяғында қаша жөнелді. Сол күйі сауда үйінің ішіне кіріп, онда да бірнеше рет оқ атқан.

Ерлан, куәгер:

-Осы жерде джиппен кеп сырттан атқан ғой. Осы жерде ұстадық. Сонда да атып, ЦУМ-ның ішіне кіріп кетті. Тапаншасын алмақшы болдық. Жас баланы 50 теңгеге бола атып тастады. Өзі әзер жүрген балалар.

Осы оқиғадан соң полиция басбұзарды ізін суытпай қолға түсірген. Күдікті Қаскелең қаласының 28 жастағы тұрғыны екен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Сол жақта тұрақты қызметші болып жұмыс істейтін азаматқа оқ жаудырған. Нәтижесінде ол жәбірленуші аяғынан оқ жарақатын алды. Қылмыстық іс қозғалып, сезіктіге заңмен көзделген тиісті шаралар қабылданды. Дәлірек айтсақ, оған айып тағылды.

Қазір жараланған жігіттің денсаулығы оңалып, ауруханадан шығып та үлгерді. Ал тапа-тал түсте қалың жұртқа қару кезенген жігіттің жағдайы қиын болайын деп тұр. Ол кінәлі деп табылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде