Мұрат Оспанов миллиардтан астам айыппұл төлейтін ақша таба алмай жатыр
Адвокаты Астана сотына мерзімді ұзарту туралы өтініш жазған. Судья да Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасының тілегін орындап, тағы 6 ай қосымша уақыт берді.
Автор: Жәудір Оразхан
31.03.2015
Енді Оспанов қыркүйекке дейін қомақты қаржыны қалайда табуы тиіс. Естеріңізге салсақ, ақпанда сот Мұрат Оспановты ірі көлемде пара алғаны үшін соттап, жаңа Қылмыстық кодекске сай 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұлды 1 айдың ішінде төлеуге үкім кескен. Экс-шенеуніктің қайта шағымдануына құқығы бар болған. Бірақ, Оспанов үкіммен бірден келісті. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды және бүкіл мүлкі тәркіленеді. Оспанов «электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алды» деген күдікпен ұсталған болатын. Экс-шенеунік болса, қыруар қаржыны қызының ұзату тойы үшін кәсіпкер досымнан алдым деп сол күйі кінәсін мойындамай кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!