{metadescription}
0:000:00
Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі прокатқа шықты

Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі прокатқа шықты

Режиссер қоғамда түрлі пікір тудырған «Келін» және «Шал» фильмдерінен кейін осы картинамен трилогияның соңғы нүктесін қойды. Кинотуынды Қазақстан, Испания және Таиландта түсірілген. Фильмдегі ағайынды екі адамның тағдыры көрерменге ой салады. Басты рөлдерде отандасымыз Жандос Айбасовпен бірге шетелдік актерлер де ойнаған.

-Әлімжан аға Ақтаудағы балаларына кетіп қалды. Бізді ертіп әкеткісі келген, бармадық. Оның баласы көп. Масыл болып қайтеміз?

Бұл ата-анасынан ерте айрылған қос мұңлықтың жырақтағы ауылдан қалаға аттанған беті. Балалар үйіне үйрене алмаған олар шаһардың қым-қуыт тірлігіне араласып кетеді. Есейе келе інісі тапсырыспен адам өлтіріп, күнелтеді. Ал қатал ағаның рөлін «Жау жүрек мың балада» ойнаған ресейлік актер Эдуард Ондар сомдаған.

Эдуард Ондар, актер (Ресей):

Мен үшін жақынын жоғалтқаннан ауыр нәрсе жоқ. Осы кинодан кейін қатты толқыдым. Өзім де туыстарымнан айырылғанмын. Сондықтан бауырлар бірін бірі аяласа екен деймін.

Оқиға желісі бойынша, ағайындылар сатқындық және әділетсіздікпен жиі бетпе-бет келеді. Інісі бауырластық қағидаларын атап өттіп, ағасына да қол салады. Соңынан өзі де кісі қолынан өледі. Ал мұндағы киллер әйелдің рөлін де ресейлік актриса ойнаған.

Ольга Зайцева, актриса (Ресей):

-Басында көлік жүргізуден қорықтым. Режиссер дублер алайық деген ұсыныс айтты. Бірақ мен қарсы шығып, көлікті бастан-аяқ өзім айдадым. Қиындықтан қорыққан адам актер болмайды.

Кенже кішкентай ұлын туған ауылындағы неміс Гер-атаға табыстап кетеді. Содан қайтып оралмайды. Режиссер осы кейіпкерді белгілі жазушы, марқұм Герольд Бельгерге деген құрметпен таңдадым дейді. Көп жылдар бойы шетелде тұрып келген ауыл баласы әр фильмін бүгінгі замандағы надандықпен күреске арнапты. Ал, картинаның соңғы нүктесін қоюды көрерменнің еншісіне қалдырған.

Ермек Тұрсынов, режиссер:

–Мен мағынасыз кино жасамаймын. Тереңдеткім келеді. Үміттенем. Мүмкін көрермен осыны көріп ойланатын шығар, өзіне сұрақтар қоятын шығар. Негізгі мақсат – осы қазіргі өмірімізге өзгеріс енгізу. Жақсы болсын, дұрысталсын деп ойланасың. Бүгінгі заманның надандығымен күрес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.