{metadescription}
0:000:00
Ақтөбедегі қарттар үйінде төбелес шығарғандар жаппай жазаланып жатыр

Ақтөбедегі қарттар үйінде төбелес шығарғандар жаппай жазаланып жатыр

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінде шатақ шығарғандар жазаланды. Енді қызметкерлерді балағаттап, көршілерінің мазасын алған интернаттың төрт тұрғыны сот шешішімен айыппұл төлейтін болады. Тағы да осындай төрт адамның ісі сотқа жіберілген. Қарттар үйінің ішкі тәртібіне жауап беретін арнайы комиссия өкілдері бұдан басқа амал қалмады деп отыр.

Сексендегі Алла Керимова жеті жылдан бері осы қарттар үйінде. Жақында жаңа көршісі кейуананы балконда сабап тастапты. Жігітке қарияның демалып отырғаны ұнамаған.

Алла Керимова:

-Миша деген жігіт сен «шошқасың», «сиырсың» деп балағаттап, артынан боқтады. Үндемей отыра бердім. Аздан соң басымнан жұдырығымен төпелей бастады.

Қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындарының тең жартысы қаңғыбастарды бейімдеу орталығынан жеткізілгендер. Еркіндікке еті үйренген олар мұнда өз заңдарын орнатқысы келеді. Тіпті, қызметкерлерге пышақ ала жүгіретіндері бар екен.

Гүлсара Бисалиева, мейірбике:

-Қорқамыз. Бүгінгі күнге дейін айтылған жоқ қой. Енді жұмыс істеуге міндеттісің. Біздің медбикелердің ар-намысына тиеді, боқтайды ауыздарына келгенін айтып. Қолында пышақ талай қуды бізді арбамен  Қолындағы таяғымен ұрады.

Қарияларды соққығы жыққан мүгедек пен дәрігерлерді балағаттаған үш тұрғынның үстінен сотқа шағым түскен. Ішкі тәртіпті қадағалайтын комиссия мұндай қадамға алғаш рет барыпты. Себебі бұған дейін жарымжан жандарға аяушылық танытып келген. Енді шыдамдары таусылып, ең болмаса айыппұл салып қорқытпақшы.

Андрей Төлегенов, интернаттағы тәртіптік бақылау комиссиясының төрағасы:

-Қуып шығайын десең жалғыз, қумасаң жалмауыз. Қай жаққа жібересің? Далаға қаңғып кетеді ғой.

Ал әкімшілік жазаға тартылғандардың өздері кінәларын мойындағысы жоқ. Аздап ащы судан ұртайтындарын айтқанымен, өзімізді мәдениетті ұстаймыз деп ақталады.

Александр Бериков:

-Ешкімді боқтап, балағаттаған жоқпын. Оны осындағылар ойларынан шығарып алған. Аздап сол күні ішкенім рас.

Виктор Чукруков:

-Маған жабылған бұл жала. Бірақ айыппұлды жәрдемақыдан төлеймін. Маған сонда не қалады?

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінде қазір үш жүзге жуық адам тұрады. Олардың елу шақтысы интернат ішіндегі тәртіптік комиссияның қара тізіміне іліккен. Енді сот арқылы айыппұл салғандардың ісі оларға сабақ болар деп үмтіттенеді мұндағылар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде