Әбілғазы Құсайынов бай табиғатты қорғаудың жолын ұсынды
Ал келесі үміткер Әбілғазы Құсайынов бүгін Қызылжардағы сүт зауытының қызметкерлерімен жолықты. Онда ол жұртты өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, экологиялық мәселелер жөнінде әңгіме қозғады.
Автор: Досжан Маратұлы
02.04.2015
Айтуынша, өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар табиғатқа орасан залал келтіреді. Сол үшін экологиялық стандарттарды енгізіп, зиянды заттарды аз шығаратын қондырғыларды орнату керек. Әрі зауаттың жұмысын қоғамдық бақылаушыларға тексертіп тұру қажет дейді Әбілғазы Құсайынов. Сонда ғана Қазақстанның бай табиғатына зиян келмейді екен.
Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:
-Біздің бай табиғатымыз, біздің қайталанбас ландшафтымыз зардап шекпейтін етіп құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік әзірлемелерді жасауға, кез келген шаруашылық қызметті жүргізуге қол жеткізу өте маңызды деп санаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!