{metadescription}
Мексикада жойқын жарылыс болып адамдар қаза тапты
Мексикада жойқын жарылыс болып адамдар қаза тапты

Мексикада жойқын жарылыс болып адамдар қаза тапты

Мексика шығанағындағы мұнай платформасында жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты. «Pemex» компаниясына тиесілі нысанда болған апат салдарынан 4 адам көз жұмды. Тағы 50 жұмысшы жарақат алған.

Тікұшақтардың көмегімен 300-ге тарта адам қауіпсіз аумаққа шығарылыпты. Әзірге апаттың басты себебі қауіпсіздік ережесінің сақталмауы деген ақпарат айтылуда. Мұндай жағдайдың болатынын білгенбіз дейді мамандар. Өйткені «Pemex» әлемдегі мұнай өндірісіндегі алпауыт компаниялардың қатарында болғанымен, қауіпсіздікке аса мән бермейтіні бұрыннан мәлім екен. 3 жыл бұрын да газ кен орнындағы апат 26 адамның өмірін жалмаған еді. Ал 2010-шы жылы Мексика шығанағына таралған мұнай Лузиана жағалауына дейін жетіп, тарихтағы ең ірі экологиялық апат ретінде тіркелген. Ол кезде 5 млн баррель қара алтын суға жайылған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.