Охот теңізінде апатқа ұшыраған кеме мұзбен соқтығысқан болуы мүмкін
Охот теңізінде ресейлік траулер апатқа ұшырады. «Дальний Восток» балықшылар кемесі апат белгісін беріп үлгермей, бірнеше минут ішінде су түбіне кеткен. Траулер бортындағы 132 адамның 56-сы көз жұмып, 63 балықшы құтқарылды. Қалғандарына қатысты ешқандай ақпарат жоқ.
Автор: Олжас Байжан
02.04.2015
Қазіргі уақытта теңіз акваториясы өзге кемелердің көмегімен тексерілуде. Оларға әуеден құтқару қызметінің тікұшағы қосылған. Суық суда ұзақ уақытқа қалып қойған адамдардың тірі қалуы екіталай. Дегенмен мың жарым адам жұмылдырылған іздестіру жұмыстары күн батқанша жалғаспақ. «Дальний Восток» балықшылар траулерінде ресейліктерден өзге Латвия, Бирма, Вануату және Украина азаматтары болған. Анықталғандай су түбіне кеткен траулер 3-ші қаңтар күні Владивосток портынан шығыпты. Сол кездегі тексеру барысында ешбір техникалық ақау табылмаған екен. Ал апат себептеріне байланысты бірнеше нұсқа айтылуда. Оның бірі кеме алып мұзбен соқтығысуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары